Үздік педагогтер ауыл мұғалімдерімен тәжірибе бөлісті
Бүгін жас мамандарға арналған «PEDAGOG.START» мотивациялық TED-style форматындағы кездесу кеші өтті. Шараға облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназиясының үздік педагогтері қатысып, ауыл мұғалімдерімен және жас ұстаздармен өз тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу барысында қатысушылар кәсіби даму, шығармашылық ізденіс және заманауи білім беру тәсілдері туралы ой қозғап, пайдалы кеңестер алды.

