ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП - САХНА ТӨРІНДЕ
Заң және тәртіп айлығы аясында бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес мектебіміздің 8-10 сынып оқушылары үшін тәрбиелік мәні зор мәдени шара ұйымдастырылды.
Оқушылар Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрына барып, көпшілікке ой салған «Іс» спектаклін тамашалады.
Қойылым барысында көтерілген өзекті тақырыптар жасөспірімдерге заң мен тәртіптің маңызын терең түсінуге, әділдік пен жауапкершілік ұғымдарына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Театр сахнасындағы әрбір көрініс оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.
Шара оқушылардың рухани-адамгершілік дамуын қолдауға, мәдени ортада өзін ұстау дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Іс-шара барысында оқушылар тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, көркемдік жетекші және педагог-ұйымдастырушының жетекшілігімен театрға барып, қауіпсіздік пен тәртіп толық сақталды.
Мәдениет пен тәрбие, заң мен сана – бір-бірімен тығыз байланысты. Осындай тағылымды шаралар өскелең ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына негіз болары сөзсіз.

